Аймақ халқын қыс пен көктемде әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамту үшін жергілікті тауарөндірушілермен келісім жасалды. Өндірушілерден алынған азық-түлік тұрақтандыру қорының бақылауында. Тауар "Табыс" базарының 18 нүктесінде және қаладағы ірі супермаркеттерде сатылады.