Кепілде болған келіншек бір тәуліктен бері нейрохирургия бөлімінде жатыр. Жәбірленушінің бас-миы шайқалған - дейді дәрігерлер. Қазір науқастың жағдайы орташа. Оған жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетілуде. Еске салсақ, 13 қаңтар күні түнде Жедел басқару орталығына 40 жастағы ер адамның әйелді кепілге алғаны туралы хабарлама түскен болатын. Оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Үш сағат бойы жүргізген келіссөзге бой ұсынбаған күдіктіні полиция арнайы операция арқылы ұстады. Алайда жәбірленушінің ата-анасы мерт болды.