Бірінші қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақы көлемі артты. Осыған сәйкес, әлеуметтік төлем алушылар 6,5 пайызға, зейнеткерлер 8,5 пайызға өскен ақша алады. Азаматтарға мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік төлем де инфляция деңгейіне сәйкес қайта есептелді. Көп балалы аналар мен бала күтіміне берілетін жәрдем құны да былтырмен салыстырғанда біраз көлемді болмақ. Нақты қанша теңге? Әріптесім Райгүл Еншібай біліп келді.