Мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын күзетті.
Дей тұрғанмен, жаңа жылдың алғашқы күндері облыс аумағында 66 қылмыс тіркелді. Атап айтсақ, 15 жеке мүлікті ұрлау, 11 алаяқтық және 2 тонау дерегі анықталды.
Сонымен қатар, бұрын жасалған 4 қылмыс ашылды.