Желтоқсан айының әрбір үшінші жексенбісі - Энергетиктер күні. Өңір басшысы осы салада еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтады.
Асхат Шахаров өз сөзінде энергетика саласының өңірдің дамуы мен халықтың өмір сапасын жақсартудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл сала – тұрақтылықтың негізі. Ал энергетиктердің қажырлы еңбегі экономиканың алға басуына және тұрмысының жақсаруына тікелей әсер етеді.
Салтанатты шара барысында облыс басшысы сала мамандарына елдің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үшін мемлекеттік наградаларды табыстады.
Энергетиктер ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.