Биыл ақтөбелік жастар «Жасыл ел» еңбек жасағының 20-шы еңбек маусымын сәтті аяқтады. 2 мыңнан астам жас жұмысқа тартылды. Ал «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 215 іс-шара өткізіліп, сенбілік жұмыстарына 8 мыңнан астам жас белсенді атсалысты. Сондай-ақ, оларды кәсіптік қызметке тарту мақсатында қолға алынған жобалар да өз нәтижесін беріп келеді.