"Ақтөбе" газетіне - 100 жыл! Ғасырлық тарихы бар басылымның мерейтойына арнап облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрме жасақталды. Жүздей жәдігер қатарында облыстық газеттің алғашқы сандары мен музей қорындағы фотоаппараттары қойылды. Өңірдің ақпарат әлемінен сыр шерткен тағылымды шараға еліміздің әр түпкірінен келген мәртебелі меймандар қатысты. Бұл күнге мерейлі жетістікпен жеткен ұжымға шығармашылық табыс тіледі.