Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Көпшілік ерекше күтетін мерекеде ешқандай оқыс оқиға орын алмас үшін жауапты мамандар қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бүгін кәсіпкерлік бөлімі полициямен бірлесіп қаладағы ойын-сауық мекемелерінің, мейрамханалар мен ішімдік саудалайтын дүкендердің иелеріне қоғамдық тәртіп жайында тағы бір еске салды.