Биыл аймақта медициналық қызмет көрсету сапасы 68 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Ал "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық жобасы аясында жоспарлы үш жыл ішінде 24 медициналық нысан бой көтермек. Жыл басында оның тоғызының құрылысы басталып, аяқталды. Жақын арада қолданысқа берілмек. Саладағы өзге де жемісті істер жайын басқарма басшысы айтып берді.