Өңір басшысы белгілі қаламгерлерді қабылдады. Оның ішінде Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, Қазақстанның құрметті журналисі Мейрамбек Төлепбергенов бар. Сонымен бірге өңірге «Ақтөбе» газеті бас редакторының бұрынғы орынбасары Серікқали Байменше, Қазақстанның құрметті журналисі Қайнар Олжай, «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы да келді. Облыс әкімі өз сөзінде талай тұлға басшылық жасап, қаламы қарымды қаламгерлер мен журналистер негізін салған «Ақтөбе» газетінің бүгініне баса назар аударды. Кездесу соңында өңір басшысы әр мейманға Қобыланды батыр жырының 7 томдық жинағын және «Ақтөбе» газетіне - 100 жыл» мерейтойлық медалін табыстап, алғысын білдірді.