Аймақ жастары «Жасыл ел» еңбек жасағының 20-шы еңбек маусымын сәтті аяқтады. Жоба аясында 2 мыңнан астам жас жұмысқа тартылды. Ал жыл ішінде өткізілген «Таза Қазақстан» республикалық эко-акциясына 8 мыңнан астам белсенді жас атсалысты. Сондай-ақ, оларды баспанамен қамту, кәсіпке баулу мақсатында да қолға алынған жобалар өз нәтижесін берді.