Жыл басынан бері ауыл мектептеріндегі оқушылардың білім сапасы 4-тен 11 пайызға артты. Облыс аумағында 5 білім беру округі құрылды. Олар қаладағы үздік мектептердің қамқорлығында болады.
Сонымен бірге ауылдағы білім сапасы төмен мектептерді анықтаумен айналысады. Аймақ мектептерінің 70 пайызы ауылда орналасқандықтан биыл қазынадан 226 ауыл мектебін қайта жаңартуға 8,2 млрд теңге жұмсалды.
Жылдың соңына дейін 12 мектеп қолданысқа берілмек.