Жыл басынан бері аймақта жедел респираторлық-вирустық инфекция жұқтырғандар саны 100 мыңнан асқан. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,1 пайызға жоғары. Ал тұмау бойынша 63 жағдай тіркелсе, пневмониямен ауырғандар көрсеткіші 2,8 есеге өскен. Инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық ахуалына тоқталған сала мамандары жағдайды жақсарту үшін азаматтарды екпе алуға шақырды.