Қалалық мәдениет үйінде сазгер, Ойыл ауданының құрметті азаматы Жолдыбай Айтқұловтың туғанына 75 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Көрермен алдында 60-тан астам ән авторының үздік туындылары шырқалды. Соның бірі бүгінде Көкжар өңірінің «гимніне» айналған «Ойылым менің — ойдағы елім» әні. Бұл ән тыңдарман жүрегінде терең із қалдырды. Ал ұйымдастырушылар алдағы уақытта сазгер шығармаларын орындаушылар арасында байқау өткізуді жоспарлап отыр.