Ардагер ұстаз Бақтылы Кенжебаева 80 жаста. 1967 жылы Алматыдағы қыздар педагогикалық институтын бітіріп келген жас маман еңбек жолын Ақтөбедегі Мақсұт Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицей- интернатта бастады.

Дәл осы білім ордасында математика пәнінен сабақ берді. Ұзақ жыл абыройлы еңбек етіп, жүздеген шәкірт тәрбиеледі. Зейнетке де осы жерден шықты.

Ардагер педагогтың бүгінгі мерейтойын 1973 жылы мектеп бітірген алғашқы түлектері ұйымдастырды.