Ақтау маңында "Баку-Грозный" бағытындағы жолаушылар ұшағы құлады. Бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Қазіргі кезде 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды.
Әлі де болса авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінде жедел желі телефондары жұмыс істейді.
Оған 296 қоңырау түсті. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.