Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мереке күндері қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырды. Бұл үшін арнайы жедел топтар да жасақталды.

Осы орайда өңір бойынша мыңның үстінде полиция қызметкері жұмылдырылады. Олар азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін тәулік бойы кезекшілікке түседі. Жылдағы тәжірибеге сәйкес, мереке күндері отбасылық жанжалдар көп болады.

Сондай-ақ, көпшілік жүретін алаңдарда балалардың ата-анасын таппай қалуы жиі тіркелетін болып шықты. Сондықтан мерекеде сақтық шараларын да естен шығармаған жөн.