Ақтөбелік кәсіпкер Ойыл жастары үшін ресурстық орталық салып берді. Жаңа ғимарат әмбебап алаң. Жастардың рухани дамуының орталығы болмақ. Сонымен қатар мұнда белсенді ойылдықтар жобалық менеджмент және өзге де заманауи бағдарламаларды игереді.
Ресурстық орталық "Туған жерге тағзым" акциясы аясында іске асты. Кәсіпкер Ойыл ауданының құрметті азаматы, бүгінде облыстық мәслихат депутаты Талғат Салфиков. Ашылу салтанаты кезінде аудан әкімі Ойылдың өркендеуіне, ғимараттар салынуына сүбелі үлес қосып жүрген атымтай азаматқа алғыс айтты.
Ауыл жастары да орталық салып берген аға буынға ризашылықтарын жеткізіп, мекеме басшылығы сый-сияпаттарын табыс етті.