Екі ай бұрын облыстық "Ақтөбе" газеті оқырмандар арасында ұтыс жариялаған болатын. Бүгін ұтыс нәтижесінде газетке жылдық жазылым сатып алған 11 ақтөбелік бағалы сыйлықтарға ие болды. Тұрмыстық техника және кітаптар берілді. Айтып өтелік, бұл биыл 100 жылдығын тойлап жатқан газет ұжымының ғасыр тойына орай ұйымдастырған шарасы. Бүгінде газеттің 15 мыңға жуық тұрақты жазылушысы бар. Олардың арасында ауыл-аймақтардағы ағайын көп. Бүгінгі ұтыс ойынында да ауданнан келген бірнеше оқырман олжалы болды.