Облыс әкімі «AMANAT» партиясының ғимаратында азаматтарды қабылдады. Өңір тұрғындары тұрғын үй беру, әлеуметтік және медициналық мәселелерді шешу, сондай-ақ инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін жеткізді.
Қабылдау барысында түрлі өтініштер мен ұсыныстар қаралды. Қабылдауда қозғалған мәселелердің бірі – Ақтөбедегі Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Ораз Тәтеұлының құрметіне ескерткіш-бюст орнату туралы ұсыныс. Мәселені жергілікті тұрғындар көтерді, әкім бұл ұсынысты тиісті органдар қарайтынын атап өтті. Сонымен қатар «Ұстаз» саяжайының тұрғындары Сазды өзенінің арнасын тазарту және сумен жабдықтау, Аққұм және Байжанкөл ауылдарының тұрғындары газ тарту мәселелеріне алаңдаушылық білдірді.
Облыс әкімі Асхат Шахаров барлық келіп түскен өтініш бойынша жауапты қызметкерлерге тапсырма берді. Әрбір мәселеге қатысты шешім қабылданады.