Жаңа жылды қарсы алуға әр отбасы айрықша дайындалады. Ертемен базар жағалап, дастарханға қажетті азық-түлігін алады. Тиісінше, сөредегі баға да нағыз сауда қызғанда өзгеріп шыға келетіні тағы бар.

Биылғы мерекеде аймақ тұрғындары қандай азық-түлік өнімдерін көптеп сатып алып жатыр?

Баға қалтаны қақпай ма?