Облыстық медициналық жедел жәрдем қызметінің фельдшері Ермек Айменов "Үздік қызметкер" төсбелгісіне ие болды. Көктемгі су тасқынында ерлігімен көзге түскен жас маман жаңа жыл қарсаңында ҚР денсаулық сақтау министрінің қолынан марапат алды.

Біздің түсірілім тобымыз адам өміріне араша болып жүрген өз ісінің адал маманын марапатымен құттықтап, жұмысымен танысып қайтты.