Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында 16 пәтерлі 2 үй және 17 жеке үй тұрғындар игілігіне берілді. Берілген екі қабатты 16 пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй – Қарауылкелді ауылындағы Аэропорт көшесінде орналасқан №83 және №86 үйлер.

Айтып өтейік, бұл құрылысы ұзаққа созылған проблемалық нысан. Былтыр өңір басшысы жобаға түзету енгізіп, нысандарды салу жұмысын қайта жандандыруды тапсырды.

Ал 17 жер үйдің құрылысына бюджеттен 301 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Үйлер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санатындағы тұрғындарға табысталды.

Сонымен қатар мемлекеттік, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер қоныстанды.