Жаңа жылды қарсы алуға аздаған сағаттар қалды. Жыл он екі ай күткен бұл күнді әр адам айрықша тойлайды. Дегенмен, мереке уақытында тәртіп бұзуға жол жоқ. Аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қадағалау мақсатында полиция күшейтілген режимде жұмыс істей бастады. Олар мереке күндері қоғамдық орындар мен көп адам шоғырланған алаңдарды және көше тәртібін қадағалайды. Әрі азаматтарға пиротехникалық бұйымдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.