Өңірде цифрландыру бойынша бірқатар салада оң өзгерістер бар. Соңғы 11 айдағы жұмыс нәтижесінде 10 ауыл мобильді интернетке қосылды. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мамандары жыл соңына дейін тағы он елдімекенді сапалы интернетпен қамтимыз деп сендірді.
Сондай-ақ, жол ережесін бұзғандарды жылдам анықтайтын камералар орнатылды. Нәтижесінде, іздеудегі көліктер табылып, жауапкершіліктен жалтарлып жүргендер анықталды.