"16 күн зорлық зомбылықсыз" акциясының қорытынды отырысы облыстық кәсіподақ ұйымында өтті. Шараға жұмысшы әйелдер қатысып, ойын ортаға салды.

Айтайық, аймақта тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыс бес есеге көбейген. Бұл өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіш. Салдарынан 4 адам көз жұмды.

Мамандардың айтуынша, зорлық зомбылықтың құрбаны көбіне нәзік жандылар.