Тағы бір тұрғын алаяқтардың құрбаны болды. Ол өзін WhatsApp желісі арқылы "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін" деп таныстырған бейтаныс адамға қомақты ақша аударып, опық жеді.
Алғашында күдікті жәбірленушіге оның жеке шотынан шетелге заңсыз ақша аударымдары жасалғанын хабарлаған. Әрі қылмыстық жауапқа тартылатынын айтып, қорқытқан.
Бопсалау мен алдаудың салдарынан жәбірленуші өз бетінше екі банктен несие рәсімдеген.