Жүректен шыққан әнді дауыспен ғана емес, қолмен де жеткізуге болады. Шаһарымыздың 155 жылдық мерейтойына орай есту қабілеті бұзылған жандар арасында "Поющие руки" ән байқауы өтті. Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен бірге жұп құрып, ым-ишара тілінде ән шырқады.