Ақтөбенің тағы бір бренді бар. Ол - жылқы. Қазақтың төл түлігінің Отаны саналатын өңіріміз енді Қамбар ата төлін дамытатын орталыққа айналмақ. Осы мақсатта арнайы институт құрылды.

Енді асыл тұқымды жылқы санын арттырып, етті-сүтті бағыттан бөлек, спортқа бейімдейтін қылқұйрықтыларды әзірлемек.