Негізгі Жаңалықтар БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Колледжде волейболдан турнир өтті. Спорттық шара біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында қолға алынған. Жарысқа аталмыш оқу орнының білім алушылары мен оқытушылары, ата-аналар мен заң қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысып, өзара сайысты. Жастарды спорт пен еңбекке баулуға, бос уақытын тиімді өткізу мен түрлі құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған турнир соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. 
Бөлісу