Биыл облыста кәмелет жасына жетпеген 2 жеткіншек буллинг салдарынан көз жұмды. Кінәлі замандастары темір торға тоғытылды. Жеткіншектердің суық қару қолдануы, бірін-бірі бопсалауы, ұрлық-қарлық әрекеттері қоғамды алаңдатып отыр. Осындай заңбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығы "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің білім алушыларымен кездесті.