Өткен түнде жол мамандарының ескертуін елемей жолға шыққан 4 адам құтқарылып, 5 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның екеуі бала.
Еске салайық, кеше түнде республикалық маңызы бар автожолдардың 5 бағытында және облыстық маңызы бар 1 учаскеде көлік құралдарының барлық түрі үшін шектеуі қойылған болатын.
Бүгін таңғы сегізде барлық жол қайта ашылды. Тек Хромтау - Қарабұтақ бағыты бойынша жүк көліктеріне жүруге әлі де рұқсат жоқ.