Хромтау индустриялы аймаққа айналады. Ауданда алдағы жылы құны 200 млрд теңгеден асатын ірі жобалар жүзеге аспақшы. Қазір өндірісті өлкеде жаңа шахтаның, ең қуатты жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа міндеттер туралы бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте аудан әкімі Нұрхан Төлеумұратов баяндады.