Шалқар ауданында күйші, композитор Қазанғап Тілепбергенұлының 170 жылдығына орай республикалық күй сайысы өтті. Өнер додасына еліміздің әр облысынан бір үміткерден қатысты.
Шара аясында «Қазанғап мұрасы — халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, кіші ғылыми конференция өтті. Бұл мерейтой тек күйшілік өнерді ұлықтап қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда ерекше маңызға ие. Күй додасына қатысушыларға аудан басшысы сәттілік тіледі. Ал, ғылыми конференцияда Қазанғаптың күйшілік өнері, оның шәкірттері, жеткізушілері жөнінде жан-жақты сөз қозғалды. Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыймен марапатталады.