Облыста 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы иммундау шаралары жүріп жатыр. Осы мақсатта аймаққа Гриппол екпесінің 109 400 данасы жеткізілді. Тұмауға қарсы вакцина азаматтардың кейбір санаттары үшін тегін. Мәселен, 18 жасқа дейінгі созылмалы аурулары бар балаларға, медицина қызметкерлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ мүгедек азаматтар мен 60 жастан асқан тұрғындар екпені ақысыз ала алады. Мамандар екпені эпидмаусым басталмас бұрын салдырған жөн, дейді.