Жауаптылар Ақтөбенің жолын жөндеу үшін бөлінген 7 жарым миллиард теңгеден астам қаражатты игере алмай қайтарып жіберген. Оның үстіне 17 жолдың жөндеуі жоспардан қалып, кейінге шегерілді.
Оған қоса, бұған дейін қаланың бірнеше көшесін сапасыз салып, сөзге қалған мердігермен тағы да келісімшарт бекіткен. Жыр болған жолдың жайы бүгін қоғамдық кеңес отырысында қызу талқыға түсті.