Негізгі Жаңалықтар МЕЦЕНАТ СПОРТ АЛАҢЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

МЕЦЕНАТ СПОРТ АЛАҢЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ


Белгілі меценат Қайрат Майтеков өзі оқыған білім ордасына спорт алаңын салып берді. Облыс әкімі оқушыларға жасалған сыйлық үшін кәсіпкерге алғысын білдірді.

Асхат Шахаров сондай-ақ спорт алаңы спортпен шұғылдану жағдайын жақсартып қана қоймай, балалардың жан-жақты тұлға ретінде дамуына, салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізетінін атап өтті.

Спорт алаңы жеңіл атлетика, футбол, волейбол және баскетбол алаңдарымен жабдықталған. Оның құрылысына кәсіпкер 100 миллион теңге жұмсаған.

Бөлісу