Жыл басынан бері өңірде 409 өрт оқиғасы тіркелген. Оның жартысынан астамы тұрғын үйлерде болды. Салдарынан 211 млн теңге шығын келтірді. Осы орайда төтенше жағдай департаменті өкілдері өңір тұрғындарына өрт қауіпсіздігін түсіндіріп, дабыл қондырғыларын орнатты.