Қарыз емес, парыз. Алимент төлеуден жалтарып жүрген ақтөбеліктердің қатары көбейген. Миллиондаған қарызы бар борышкерлерді жеке сот орындаушылар желкелеп жүріп ақшасын төлетуге мәжбүр. Жұмыссызбын деп сылтау айтқандарды тұрақты еңбекпен қамтуға да әзір. Десе де мойнындағы міндетті төлемнен безініп жүргендер жетерлік.