Кадрларды дамыту және біліктілігін арттыру, ардагерлерді қолдау, қызметкерлердің денсаулығын нығайту, тегін тамақтандыру – бұл «Қазхром» компаниясының қызметкерлер алдындағы міндеті. Сондай-ақ, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалған емес. Күні кеше Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 60-қа жуық қызметкері баспаналы болды. Тұрғын үйлер үш жақты меморандум аясында, яғни, ERG компаниялар тобы, «Отбасы банкі» және облыстық әкімдіктің қолдауымен берілді. Қоныс тойын тойлаған металлургтердің қуанышына арнамыздың түсірілім тобы да ортақтасып келді.