Атом электр станциясын салу - салмақты шешімді қажет етеді. Өйткені жобаның іске асуы өркениетті елдер қатарына қосылуға зор мүмкіндік ұсынбақ.

Осылай деген корейлер қауымдастығының өкілдері қазанның алтысы күні өтетін саяси шараға міндетті түрде қатысып, өз таңдауын жасайтындарын айтты.