Жыл басынан бері тұтынушылардың құқығын қорғауға қатысты 861 өтініш қаралды. Басым бөлігі бөлшек саудаға тиесілі. Оның басым бөлігі қанағаттанарлық деңгейде шешілді. Сапасыз тауарын сатып, мерзімі асқан өнімдерін өткізгені үшін талай сатушы сот алдында жауап берді. Жалпы кәсіпкерлік нысандарының атына кір келтіретін жайттар жиі кездеседі. Бұл бір жағынан тұтынушының өз құқығын жеткілікті деңгейде білуінен, әрі тұтынушы мәдениетінің жоғарылағанын көрсетеді - дейді мамандар. Мәселен биыл, электронды саудаға қатысты өтініштер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырған 41 өтінішке өскен.