Ақтөбелік ерекше балаларды жерлестері ыстық ықыласпен күтіп алды. Балалар Алматы қаласында өнер көрсетті. Облыстық "Ерекше балалар" қоғамдық бірлестігінің 7 мүшесі Жамбыл атындағы филармонияда ән шырқады. Өнерлі өрендерге алғыс хат табысталды. Сонымен қатар, балалар шырайлы шаһарды көрікті жерлерін аралады. Аталған бірлестік балалары алғаш рет өнер сапарына шығып тұр. Енді олар арнайы шақыртумен Орынбор қаласына баруды көздеп отыр.