Өңірде тұмауға қарсы екпе егу басталды. Дәрігерлер жедел-респираторлы вируспен күресудің ең тиімді жолы- вакцинация екенін алға тартады. Бюджет есебінен халықтың әлжуаз тобына екпе тегін салынады. Бұл балалар мен жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған адамдар мен 60-жастан асқан қарттар. Ал өзгелер үшін вакцина құны-2300 теңге.