Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті. Жиын барысында кеңестің жаңа мүшелері таныстырылды. Сонымен қатар, аймақ аумағында жүргізілген мониторинг нәтижелері баяндалды. Кеңес мүшелері бірқатар шикілікті анықтаған. Мәселен, "Шұғыла" лагерінде бейнебақылау камералары жеткіліксіз. Бұған қоса өрт жағдайында дабыл қағу батырмалары жұмыс істемейді. Ал Мұхтар Арын атындағы мектептің ауласына айналадағы үйлердің қоқыс төгетін орны тым жақын орналасқан. Бұл ұстаздар мен оқушыларға жайсыздық тудырады.