Жас пен жынысқа, ұлт пен ұлысқа, түр мен тілге қарамастан жер бетіндегі адамдардың ортақ түсінісер тілі – өнер. Қылқаламмен қағаз бетіне сурет салып, жансыз бейнені тілсіз сөйлеткендей көркем бейнелеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Дәл осы бағыт бойынша, қылқаламды жанына серік еткен кішкентай бүлдіршіндер бүгін қалада ашық көрме өткізді. Өнер музейінің алдына өз туындыларын шығарып, елге ұсынды. Суреттердің бастапқы бағасы 500 теңгеден басталды. Ұйымдастырушылар түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ ниетте.