Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі темір жол саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Алдымен адам құқықтары жөніндегі өкілдің қызметін етене таныстырды. Азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жолдарын түсіндірді. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір таластырды. Қазір қоғамда белең алған өзекті мәселелерге қатысты ой бөлісті.