Өңірде су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде. Әсіресе, өткен жылы қауіп тудырған аймақтар басты назарда. Қазір мердігер компаниялар Жаңақоныс-3 елдімекені маңында қазылған арнаның түбін тереңдетіп, Есет батыр тұрғын алабында арық каналын дайындап жатыр. Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров пен қала әкімі Азамат Бекет осындай бірнеше нысанды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-жапсарымен танысты.