"Әлімбет" автомобиль өткізу бекетінде "CargoRuqsat" электронды жүйесі енгізілді. Енді жүк көлігін тізгіндеген тасымалдаушылар шекарадан өту үшін автоматтандырылған кезек жүйесіне тіркелуі қажет.

Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Салық төлеушілер "Qoldau.кz" цифрлық платформасына кіріп, тиісті мәліметтерді толтырады. Қазіргі күні аталған шекара бекетінен күніне 150-200 жүк көлігі өтеді. Бұл жаңашылдық құжаттарды автоматтардыру, сол арқылы өткізу бекетіндегі ұзын-сонар кезектің азаюына мүмкіндік береді дейді мамандар.