Түркиялық ерлі-зайыпты саяхатшылар Елорда төрінде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолға шықты. Олар өздері жабдықтап алған автобуспен ел аралап жүр.

Қазақ жеріне келген жиһанкездерді бір топ ақтөбелік қонақжайлық танытып, ерекше құрметпен қарсы алды. Сапарларына сәттілік тіледі. Буран және оның әйелі Идил Дуран түрік еліне танымал блогерлер.

Олар өздерімен бірге түрік журналисті Энес Илдыриды да ерте шыққан. Мақсаттары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, қазақ жерінің мәдени, рухани құндылықтарымен танысу-дейді саяхатшылар.